Әзіл сезімі жақындастырады: АҚШ-та интернет-мем үйлесімділігіне байланысты танысу сайты ашылды
Schmooze атты қосымшада қолданушылар күлкілі суреттерге қарап, олардың ұнататынын, не ұнатпайтынын көрсетеді. Содан кейін автоматтандырылған жүйе мем талғамдары ұқсайтын адамдар арасында жұп құруға кіріседі.
Schmooze-дің негізін қалаушысы — Видья Мадхаван есімді үнді инженер-механигі. Бірнеше жыл бұрын ол LinkedIn кәсіби байланыс орнату желісінде 10 таныс емес адамға кеңес сұрап жазған. Біреуі жауап берген. Кейін олар бір-біріне көбінесе әзілден тұратын 200-ге жуық хат жазған. Қазір Видья осы қалжыңбастың жары.
Дереккөз: TechCrunch