Сауалнама: Қазақстандықтардың жартысынан көбі басшы болғылары келеді
Бұл «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды. Сауалнамаға Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының жұмыссыз тұрғындары қатысты.
Олар жергілікті мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген. Белгілі болғандай, зерттеуге қатысқандардың 56% -ы басшылық лауазымдарында жұмыс істегісі келеді екен. Және тек 14%-ы ғана физикалық еңбекке бейім. Алайда қазақстандықтардың қалауына қарамастан, еңбек нарығына көбінесе жұмысшы кадрлар қажет. 79% кәсіп иесі жұмысшы біліктілігіне назар аударады екен.
Дереккөз: Stan.kz