Қазақстанда 18 жасқа дейінгі әр балаға 230 мың теңгеден жәрдемақы беру ұсынылды
Бұл еліміздегі орташа жалақы. Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова қазіргі жәрдемақының төмен екенін атап өтті.
Жұмыс істемейтін әйелдер үшін ай сайын бірінші балаға — 16 мың теңге, екінші балаға – 19 мың, үшінші балаға – 22 мың теңге, төртінші және одан да көп балаға – 25 мың теңгені құрайды. Осылайша күніне бір балаға 560 теңгеден 865 теңгеге дейін шығады. Салыстыра кетсек, бір тұтқынның тамағына 1 018 теңге жұмсалады. Сонымен қатар, депутат бала күтімі кезеңін 3 жасқа дейін ұзартуды ұсынды.
Дереккөз: Sputnik