Lego өз тарихындағы ең үлкен жинақтаманы жария етті

⌚ Lifestyle
26.05.2021
Просмотров: 76
lego карта мира

«Әлем картасы» жинақтамасы 11 695 бөлшектен тұрады. Ал толық құрастырылған  картаның өлшемі 104 х 65 см-ге тең.

Картаны Жер шарының қалаған мемлекетінен бастауға болады. Құрастырғыштың авторлары адамдардың пандемия салдарынан үйге байланып қалғанын ескеріп, осындай көңіл көтеру тәсілін ұсынуды жөн көрді. Картаға қарап, өткен саяхаттарды еске алып, жаңасын жоспарлауға болады. Жинақ дүкендерде 1 маусымнан бастап пайда болады. Оның құны 134 мың теңге. Бұдан бұрын Lego-ның ең үлкен конструкторы 9000 бөлшектен тұратын Колизейдің моделі болды.

Дереккөз: vc.ru 

 

Так же вам может быть интересно