Шотландияда виски шығаратын зауытта жауапты қызметке ит тағайындалды
Бұл жануардың жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды табу, жоғалған адамдарды іздеу сияқты қызметтер тізіміне тағы біреуі қосылды. Рокко есімді бір жастағы кокер-спаниель Герван қаласындағы Grant’s Whisky зауытына жұмысқа тұрды. Оның басты міндеті — ағаш бөшкелерінде ақаудың бар-жоғын тексеру.
Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда тұқымына қарай 10-100 000 есе күшті. Сондықтан Роккиге бұл жұмыс қиындық тудырмайтын сияқты. Айта кетейік, виски бөшкеде жетіп-өнуі үшін кемінде үш жыл қажет. Бұл уақыт ішінде онда ақау пайда болуы мүмкін. Рокки осы процессті қадағалайтын болады.
Дереккөз: National Geographic