Батыл цирк әртісі арқанда жүріп, пышақтармен жонглерлік өнер көрсетеді
Эдгар Юдкевич есімді Калифорния тұрғыны көптің батылы жетпейтін спорт түрімен айналысады.
Ол арқанмен 11 метр жүріп қана қоймай, сол сәтте үш пышақты қатар лақтырып, рекорд орнатты. Эдгар жонглерлік өнер көрсетіп жүргеніне 12 жыл болды. Рекорд иегері атанудан бөлек әртіс көрермендерге қалдыратын әсеріне қатты қуанады.