«Әлем аруы-2023» атағын алғаш рет никарагуалық ару иеленді
23 жастағы Шейнис Паласиос тіпті бүкіл Орталық Америкадан шыққан алғашқы «Әлем аруы» атанды.
Шейнис тележүргізуші және модель болып істейді. Әлемнің басты сұлулық байқауында 84 бойжеткен бақ сынады. Биылғы жылы байқау ерекше болды: 2022 жылдың тамызында қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдеген еді. Осылайша, тарихта алғаш рет байқауда балалары бар қатысушылар, сондай-ақ плюс-сайз моделі қатысты. Ал Қазақстан атынан қатысқан 20 жастағы Томирис Заир финалдан кейін өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғысын білдірді.
Фото: Instagram/@ss.tomiris_