Қазақстандық параспортшылар Азия ойындарында бір күнде 10 медаль жеңіп алды
Қазақстандық параспортшылар бір күнде 10 медаль: 4 күміс және 6 қола жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Біздің спортшылар пара дзюдо, пара таеквондо, пара жүзу және аралас комплекстік эстафетада жүлделі болды.
Күміс медаль иегерлері: Зарина Райфова, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов – пара дзюдо; Нышан Өмірәлі – пара таеквондо.
Қола медаль иегерлері: Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Қоңқиев, Талғат Әжғалиев – пара дзюдо, Нұрлан Домбаев, Алишер Гариполлаев – пара таеквондо; 4х50 м аралас комплекстік эстафета (Құлқаев Айсұлтан, Сиязбек Далиев, Зульфия Габидуллина, Наталья Звягинцева) – пара жүзу.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 31 медаль түсті, оның 5-і алтын, 10-ы күміс және 16-сы қола.
Дереккөз: Спутник
Фото: Туризм және спорт министрлігінің сайты