Қазақстан азаматтары үшін Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдейді

✈️ Путешествия
03.10.2023
Просмотров: 166

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бұл туралы саяси шешім қабылданып қойды.

«Еуропалық тарап осы мәселеге қатысты үлкен қызығушылықтың бар екенін растады. Барлығы бұл бағытта жұмысты жалғастыруға дайын»,

— деді Смадияров. Министрліктің ресми өкілі нақты мерзімді атаған жоқ. Себебі Еуропалық одаққа кіретін 27 елдің әрбірімен келісу керек. Виза тәртібін жеңілдету аясында құжаттарды қарастыру мерзімін қысқарту, консулдық алымның мөлшерін төмендету және тағы басқа мәселелер қаралады.

Дереккөз: Спутник 

Фото: Pexels

Так же вам может быть интересно