Алматыдан Делиге дейін арзан әуе рейстер іске қосылады

✈️ Путешествия
23.05.2023
Просмотров: 499

Үндістанның IndiGo төмен бюджеттік әуе компаниясы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша әуе рейстерді іске қосады. 

Рейстер аптасына 3 рет жиілігімен орындалады. Жолаушыларды А-320 және А-321 типті ұшақтар тасымалдайды.

IndiGo әуе акомпаниясы Үндістанның ең ірі төмен бюджеттік тасымалдаушысы болып табылады. Лоукостердің Қазақстанның халықаралық тасымалдау нарығына кіруі әуе билеттерінің қолжетімділігіне оң әсер етеді және бәсекелестікті арттырады.

IndiGo — Үндістанның ең ірі арзан әуе тасымалдаушысы. 2006 жылғы тамызда құрылған. Әуе компаниясының паркі сыйымдылығы 186, 222, 232 орындық 300-ге жуық А-320, А-321 және ATR-72 әуе кемелерінен тұрады. Бағыттардың жалпы саны – 104, оның ішінде 78 – ішкі, 26 – халықаралық (Швейцария, Бельгия, Ирландия, Сингапур, Испания, Франция, Малайзия, Бахрейн, Венгрия, Бангладеш, Шри-Ланка, Дания, Гонконг, Непал, Португалия және т.б.).

Дереккқөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

Метки: Үндістан

Так же вам может быть интересно